Бұл туралы «Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, платформа биылғы оқу жылына толықтай дайын. Кең жолақты интернет серверіне өткізу 100 пайыз жақсартылды. Мектептер мен Білім басқармалары бұл жүйені толықтай ақысыз пайдаланады.

«Өткен жылғы тәжірибеге сүйеніп, пайдаланушылардың ықтимал жүйесі есептелді. Платформаның ІТ-жүйесінің қызметі жақсартылып, инфрақұрылымы 30 пайызға кеңейтілді. Биыл техникалық ақаулар болған жоқ. «Күнделік» жобасында қазір 200 жуық мектеп жұмыс істеп жатыр», - деді Мұхтар Ілиясов.