«Бұл алтын өндірісін және оның жалпы республикалық көлемдегі үлесін 35% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Яғни, әрбір үшінші килограмм алтын біздің облыста өндірілетін болады. Осы жобаларды іске асырудың арқасында шамамен 1,5 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Индустрияландыру аясында жалпы құны 300 млрд теңгеден асатын 32 жоба іске асырылуда, олардың ішінде сұлы қауызын, фри картобын, ет жартылай фабрикаттары мен сүт өнімдерін өндіру бойынша 4 - еуі биыл аяқталады», - деп атап өтті спикер.