«Президентіміз жұрттың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін үкіметке нақты әрі жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Соның бәрін тиімді орындаудың маңызы зор. Қ.Тоқаев Мәжілісте сөйлеген сөзінде әлеуметтік-экономикалық, құқықтық маңызды бастамаларды алға тартты және жаңа саяси реформалар топтамасының дайындалатынын жариялады. Бүгін Президенттің айналасына бірігу өте маңызды. Біз үшін баға жетпес құндылық –Қазақстан мемлекеті. Осы үндеу аясында Ұлттық кеңес мүшелері болып жатқан реформаларға одан әрі мониторинг жасап, оны бақылайтын болады», - деді халық қалаулысы», - деді халық қалаулысы.   


Депутат ҚР Президенті Қ. Тоқаев мемлекеттің тұтастығын сақтап қалу үшін мемлекеттігіміздің фундаментін арттыру үшін жанқиярлық қадамдарға барғанын атап өтті.  

«Өздеріңізге белгілі, 5-і күні түнде сағат 12-де ҚР Президенті «Мен Ақордадан ешқайда кетпеймін. Мен Қазақстан халқымен біргемін» деп мәлімдеді. Осы мәлімдемеден кейін, менің ойымша, Қазақстан халқы мемлекеттілік үшін, ҚР территориялық тұтастығы үшін әрқайсысы саналы, дұрыс шешім қабылдады. Міне, халқымыздың даналығы, қоғамның санасы және ҚР Президентінің нақты ашық позициясы еліміздің елдігін, мемлекеттілігін сақтап қалуға алғышарт жасады. Сонымен қатар, екі күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент алдында еліміздегі әлеуметтік экономикалық, қоғамдық саяси процесстер жөніндегі үндеуін жариялады. Сол үндеуде елімізде жүйелі әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалардың болатындығын айқындап берді. ҚР Президенті тарихта ең бірінші рет әлеуметтік теңдік мәселесін және еліміздегі кедейлікті жою мәселесін өте жоғары трибунадан айтып, елімізде қордаланған әлеуметтік-экономикалық, саяси проблемалардың барлығынан шығудың жолдарын анықтап берді. Енді үкіметтің алдындағы ең негізгі мақсат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын нақты және уақытылы орындау», - деді Е.Сайыров.