«Адам өмірі жоғары құндылық болып табылады - бұл өзгермейтін ақиқат Қазақстан Республикасы Конституциясының негізі болып табылады. Қаңтар айының басында елімізде болған қайғылы оқиғалар Қазақстан мен әлемдік қауымдастықты дүр сілкіндірді. Әскери қызметшілер мен полиция қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да лаңкестердің құрбандары болды. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендер тез сауығып кетсін. 
 
Қазақстан Президенті тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандарға қатысты нақты айтты: «ауыр қылмыс жасаған адамдар заңға сәйкес қатаң жазаға тартылады. Басқалардың кінәсін Бас прокуратура анықтайды және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жазаны жеңілдету жөнінде шаралар қабылдайды. Кінәсіз адамдар босатылады», - деді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.  


Оның айтуынша, 91 адам босатылды, 70-тен астамның әкімшілік жазасы жеңілдетілді.  


«Біз бұл процестің жалғасқанын қалаймыз: террористер, тонаушылар мен бейбіт митингіге қатысқандар анықталуы керек. Өкінішке орай, біз уақытша ұстау изоляторларына барып, тұтқындалғандармен сұхбаттасқанда, олар өз азаматтық жауапкершілігін аяғына дейін сезінбегендерін, Қазақстан халқынан кешірім сұрауға дайын екендіктерін айтты. Көбісі ұрлық үшін ұсталған. Сондықтан оларға нақты назар аудару керек. Бұл бас прокуратура мен жергілікті аумақтық прокуротарулардың міндеттемесі. Бұл күндері біз азаматтық қоғам өкілдерімен бірге ұсталғандар орналасқан мекемелерге баруды жалғастырудамыз. Бірнеше күннің ішінде біз 11 өңірде осындай 34 мекемеде болдық. Сондықтан прокуратура қатыгездік туралы барлық сигналдарды тексеріп, оларға құқықтық баға беріп, нәтижелерін жариялауы керек. Бұл жұмысты формальды түрде жүргізбеу керек. Мұндай тәсіл ашықтық пен бейтараптықтың кепілі болып табылады», - деді Әзімова.