А тобының жеңімпазы мен С тобының үздігі, ал В тобының мықтысы мен D тобының жеңімпазы финалға берілер жолдама үшін таласады. Олар:

1-жұп: К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Алматы қ.) – Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Қызылорда обл);

2-жұп: Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Нұр-Сұлтан қ.) – Ә.Молдағұлова атындағы спорт интернаты (Қарағанды обл);

Аталған оқу орындарының 2006-2007 жылы дүниеге келген шәкірттері бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрестен шеберлік байқасады. Мамырдың 1-4 аралығында өткен топтық кезеңге барлығы 17 команда қатысты. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе мен Тараз қаласында үздікті анықтады.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрінің Кубогі биыл алғаш рет өтіп жатыр. Министр Кубогінің жалпы жүлде қоры 10 миллион теңге. 1-орын алған командаға - 5 млн, 2-орынға – 3 млн, 3 орынға – 2 млн. теңге беріледі.

Бұдан бөлек, төрешілер бокстан – «Үздік техникасы үшін», еркін күрестен – «Жеңіске деген ерік-жігері үшін», дзюдодан – «Үздік әдіс үшін», грек-рим күресінен – «Көрермендердің көзайымы үшін» номинацисында жеңімпазды анықтайды.

Балалар жылы аясында ұйымдастырылып жатқан кешенді бәсеке балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауға бағытталған. Министр Кубогінің бүгінгі қатысушылары – ертеңгі ел спортының болашағы.

22 мамыр – төрешілер мен командалар келіп, ресми салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Сонымен қатар мандаттық комиссияның отырысы болады.

22-23 мамыр – жартылай финал жекпе-жектері (сағат 10:00 – 16.00).

24 мамыр – 3-орын иегері мен жеңімпаз анықталады (сағат 11.00 – 16.30).

Қазақстанда балалар жылында өткізілетін жарыстар өскелең ұрпақ арасында спортты дамытуға және танымал етуге бағытталған. Министр Кубогінің қазіргі қатысушылары-қазақ спортының болашағы.

https://www.youtube.com/watch?v=u9LoSrqi_3Y

БАҚ өкілдері тіркелу үшін мына телефонға хабарласуы керек: 8 775 828 0967 Шамкен Байырбек.