Қазақстан құрамасының құрамына Алматы қаласы спорт басқармасы жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Алматы» спорт клубының 12 спортшысы  енді.

Ойын қорытындысы бойынша алматылықтар ҚР құрамасының қоржынын  түрлі деңгейдегі 11 медальмен толықтырды, оның ішінде дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес және жеңіл атлетика сияқты төрт спорт түрі бойынша 2 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет бір Сурдлимпиадада 2 алтын медальді алматылық балуан Хайратхаан Шонку (130 кг) жеке-жеке грек-рим және еркін стильде жеңіп алды. Екінші финалист Асылжан Тәжиев (97 кг) болды, ол Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Екі спортшы да бапкер Ерлан Мұқажанның шәкірттері.

Дзюдошылар арасында жеке есепте Әлдібек Нұрмұхамед (күміс) және Шаяхмет Канапиянов  (қола) көзге түсті. Командалық есепте ерлер командасы (Әлдібек Нұрмұхамед, Шаяхмет Канапиянов, Асхат Адамбаев, Ермек Жәнібекұлы)  4 қола және әйелдер командалық жарысында 1 қола (Әсел Мақсұтова) медальдарды жеңіп алды. Дзюдошылар командасы толық құрамда Самат Апаковтың шәкірттері.

Жеңіл атлетика жарыстарында Бейсебай Рауан ерекше көзге түсіп, алтыншы секіруден қола медальға ие болды. Жаттықтырушы Елена Пономарева.

Еске салсақ, Сурдлимпиадалық спорт Олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлеріне теңестірілген. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар беріледі: 1 орын – 250 000 АҚШ доллары, 2 орын – 150 000 АҚШ доллары, 3 орын – 75 000 АҚШ доллары.

Жалпы медальдік есепте Қазақстан қатысушы елдер арасында 13-ші орынға ие болды.