16 мамыр күні сағат 17.00-дегі жағдай бойынша жалпы 890 текше метр балшық шығарылды, 81 рейс жасалды. Қазіргі уақытта Қонаев көшесі балшық массасынан тазартылды.

Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Алматы облысы ТЖД-нің 8 қызметкері мен 3 техникасы, полиция бөлімінің 6 қызметкері мен 2 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 20 қызметкері мен 10 техникасы, 16 қызметкері мен 8 техникасы, оның ішінде «Қазселденқорғау» ММ-нің 3 самосвалы жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 2022 жылдың 15 мамырында сағат 12.10-да Алматы облысының Текелі қаласында (балшық массасы, алдын ала ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр) су тасқыны болды. Салдарынан 5 жасар қыз қайтыс болып, тұрғын үйлер зардап шекті.