Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам сомаға «Тойота», «Хендэ», «Хонда» сауда белгілерімен жалған автобөлшектер қоймасы жойылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қалалық прокуратураның координациясымен жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Анықталғандай, контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып, кейін Қазақстанның көлік базарларына таратылған.

Жалпы, тергеу шараларының қорытындысы бойынша 106 мыңға жуық жалған автокөлік бөлшектері тәркіленді.

Қазір іс сотта қаралуда.

Қаржылық мониторинг агенттігі тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылуын анықтау және адал бизнесті қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.