Оның айтуынша, ЖОО мультипликативті әсерге ие. 

«Біріншіден, Аризона университеті дегеніміз не? Бұл АҚШ-тың ең үздік мемлекеттік университеттерінің бірі. Бір жылдан астам уақыт бойы әртүрлі келіссөздер жүргізіліп, олар бізге келіп, бірге жұмыс істей бастады. Үкімет, Мемлекет басшысы бізді осы бағытта қолдады, университет басшылығы бірнеше рет келді, жағдайды ынтымақтастық тұрғысынан зерттеді, тұтастай алғанда, олардың көбі осы бағдарламаны халықаралық деңгейде бастау үшін қолайлы. Аризона университеті көптеген ғылымдар бойынша әлемнің үздік 10, 20-ның қатарына кіреді. Медицина, биология, физика, астронавтика, олар NASA-мен өте тығыз байланыста, зертханаларында үлкен телескоп құарстырып жатыр, Нобель сыйлығының лауреаттары, Пулитцер сыйлығының лауреаттары оқытушылар ретінде жұмыс істейді, ғылыми базасы өте жақсы. Қазіргі кезде соңғы шаралар атқарылып жатыр: қандай формада болады, сеніп басқаруға беріле ме, басқаша  бола ма, заңгерлер жұмыс істеп жатыр. Биыл бастаймыз деп шештік. Орындар саны республикалық бюджет комиссиясының отырыстарында айқындалатын болады. Алдын ала 500 бала мемлекет гранттарына ие болады деп отырмыз. Міндеті қандай? Бұл мәселені неге қолға алдық? Менің айтарым, көбі елден кетіп жатыр, жақсы оқыған балалар, мектеп түлектері шетелге кетуде. Мұның бәрін тоқтату керек болды. Қалай? Ол үшін университеттің материалдық-техникалық базасын жақсарту, оқу бағдарламаларына жаңашылдық енгізетін стратегиялық серіктес қажет болды. Ол Аризона университеті болып шықты. Бұл жағдай экономикаға да, оқытуға да мультипликативті әсер береді деп ойлаймыз», - деді әкім өз жауабында. 


Енді жақсы оқыған балалар шетелге кетпей, Петропавлға бара алады. Білім ордасын бітірген түлек бірден 2 диплом алады!