Жылыой ауданында Жем өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі қазіргі уақытта 11 см-ді құрайды, мұнда қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиевтің айтуынша, 750 үйді электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, 85 үйге газ берілді, су тасқыны салдарынан құлаған бетон тіректерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүйелі негізде су айдау жұмыстары жалғасуда.

«Ассенизаторлар 33 мың текше метр су айдады. Осындай жұмыстарды ТЖД күштері жүргізеді. Тартылған судың жалпы көлемі шамамен 400 мың текше метрді құрайды. Келесі күні біржолғы материалдық төлемге өтініштер қабылдау басталды. Барлығы 2904 өтінім келіп түсті. 650 отбасына төлемдер аударылды. Төлем мөлшері 100 АЕК немесе 369 мың теңгені құрады», – деді спикер.

Жайық өзеніне қатысты гидрогеологиялық деректер бойынша су деңгейінің көтерілуі 9 см-ді құрайды. Індер ауданы бойынша 24, 8 шақырым бөгет салынды. 383 мыңға жуық қапшық төселді, 85 бірлік техника, 405 еріктілер мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері, 350 әскери қызметші жұмылдырылды.

Махамбет ауданында да осындай жұмыстар жүргізілуде. 65 шақырым бөгет қайта құруды қажет етеді. 52 шақырымы жөнделді, 20 шақырымы қайта салынды, 816 мың бірлік қап төселді, түрлі ұйымның 285 қызметкері, 1200 ерікті, 680 әскери қызметші, 280 бірлік техника жұмылдырылды.

Атырауда 157 шақырым үйінді салынды. Жағалауды нығайту жұмыстарына 989 бірлік техника, 3500 түрлі ұйымдардың қызметкерлері, 4500 ерікті жұмылдырылды.