Басшылық
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры БІЛІМІ - жоғары 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Саяси тарих пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын тамамдаған. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ 1995-1996 Алматы қаласы әкімі аппаратының бас маманы, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан даму институтының саяси зерттеулер орталығының директоры 1996-2004 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары 2004 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы 2004-2005 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі 2005-2006 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі 2006-2007 Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі 2007-2008 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жауапты хатшысы 2008-2012 Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары 2012-2016 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры 2016-2018 Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары 2018-2019 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі 2019-2022 Алматы қаласы әкімінің орынбасары 2022 – қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
Үйленген, 3 баласы бар.
|