«Көбіміз білеміз, бұрын әлеуметтік желіден оқып жүрдік, бірақ ресми айтылмаған белгілі бір топтар мемлекеттің байлығын әділетсіз бөлуге қатысатын. Бұл нағыз жемқорлықтың көрінісі. Қоғамда ондай деректер өте көп. Мемлекеттік компанияларда қаншама тиімсіз жұмсалған қаражаттар бар. Президенттің айтқанымен шектелмей, осындай деректерді бәріміз айтып, қоғамның талқылауына шығарып, тиісті органдарға беруіміз керек. Басты мақсатымыз - осы жұмысты бәріміз жұмылып, мемлекет басшысының бастаған бағытын жалғастырып, тоқтатпауына ықпал етуіміз керек. Барлық қоғам мүшелері, кәсіпкер болсын, ер азамат болсын. Өйткені, бұған бәрібір де қарсылық болады. Соны жасап жүрген адамдар әлі де сол қызметтерде жүр. Сондықтан қоғамның қолдауы керек. Мемлекет басшысы Мәжілісте саяси реформалар туралы айтып кетті, Ұлттық кеңес мүшелері бірқатар ұсыныстар жасады, енді осы қалыптасқан ахуалға байланысты тағы да біраз ұсыныстар дайындалады. Жыл соңына дейін нақты саяси реформалар жүргізілуі тиіс. Қоғамның, атқарушы биліктің бақылауын күшейту, қажет болса, сайлау заңын қарастыру керек. Әкімдерді, облыс әкімдерін сайлау. Ең бастысы демократиялық процестер енді басталып жатыр. Осыған бәріміз жұмылып, қолдауымызды көрсетуіміз керек», - деді Мәжіліс депутаты.