«Республикада Шымкент қаласы өсім динамикасы бойынша 2021 жылдан бастап алғашқы орында. 4 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 60% немесе 492 млрд теңгеден 785,4 млрд теңгеге ұлғайды. 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл қалаға жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланып отыр. 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, оның 1 миллионы былтыр бір жылда берілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30% немесе 58 мыңнан 75,3 мыңға дейін өсті. Олар шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Қала бюджеті 4 есеге немесе 146 млрд теңгеден 573 млрд теңгеге дейін артты. 673 шақырым жол жөнделді. Бұл – алдыңғы 8 жылмен бірдей», - деді Шымкент басшысы.


Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымға да баса көңіл бөлінді. Бозарық қосалқы стансасы мен АГРС іске қосылып, электр қуаты мен табиғи газ тапшылығы шешілді, олардың қуаттылығы алдағы 5-6 жылға жетеді. Қала тұрғындарының ауыз сумен қамту 93-тен 98%-ға, электрмен қамтамасыз ету 91,2-ден 97%, тұрғындарға табиғи газ жеткізу 92-ден 93%-ға өсті. Келер 2023 жылы ауыз сумен қамту, 2025 жылы электр қуатымен және табиғи газбен қамту 100 пайызға орындалады.