«Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттен 7,2 млрд теңге қарастырылған. «Тең қоғам» орталығында 1 900 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді. Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау үшін бюджеттен – 4,5 млрд теңге қаржы қарастырылды. «Бақытты жанұя» орталығында 7 062 көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетілді», - деді М.Әйтенов.


Денсаулық сақтау саласында қызмет сапасын арттыру қолға алынды. Соңғы 2 жылда медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту деңгейі 71-ден 78%-ға жеткізіледі. Қалада жеке инвесторлардың есебінен 7 медицина және ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталықтары ашылады. Сонымен қатар 1000 орындық  клиниканың құрылысына қажетті инженерлік инфрақұрылым тартуға 1,1 млрд теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.