«Бас прокуратураның қызметінің басты бағыттарының бірі – құқық қорғау функциясы. Осы функцияны одан  әрі дамыту мақсатында Мемлекет басшысы өз Жолдауында Бас прокуратура туралы конституциялық заң қабылдауды тапсырған болатын. Конституцияға енгізілген өзгерістер прокуратураға қатысты екі маңызды мәселені шешеді. Ең алдымен бас прокурор Конституциялық сотқа үш мәселе бойынша жүгіне алады. Яғни, қолданыстағы заңдардың және өзге де НҚА-ның Конституцияға сәйкестігін тексеру, сондай-ақ ратификация жасау, яғни Парламент бекіткенге дейін халықаралық шарттардың конституциялылығын тексеру және Конституция нораларына ресми түсіндірме беру бойынша. Бұдан басқа, Президенттің тапсырмасымен Конституцияның 83-бабына өзгеріс енгізіліп, болашақта прокуратураның қызметі Конституциялық заңмен реттелетін болады. Яғни, Конституцияға енгізілген өзгерістердің прокуратура органдарының мәртебесін көтеретіні жөнінде, оның өкілеттіктеріне қатысты өзгерістер болатынын көріп отырмыз.

Прокуратураның Конституциядағы қызметтерінің басты бағыттары өзгермейді. Оларды одан әрі өрбіту мақсатында конституциялық заң жобасы әзірленіп, Бас прокуратураның және Ашық нормативтік құқықтық актілер порталдарында жарияланды»,  - деді спикер.