Шараға Арменияның сарапшылар қауымдастығының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев қатысушыларды еліміздің саяси жүйесін жаңғырту жөніндегі реформалар пакетімен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жаңа Қазақстан» идеясы шеңберіндегі ауқымды қайта құру бағдарламасымен таныстырып, 2022 жылғы 5 маусымда өтетін Ата заңымызға түзетулер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті. 

Өз кезегінде армян сарапшылары парламенттің рөлін күшейтуге және халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформалардың өзектілігі мен уақытылығын атап өтті. Сарапшылар конституциялық өзгерістер елімізді заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығаратынына сенім білдірді. 

Дөңгелек үстелдің күн тәртібі іс-шара қонақтарының қызығушылығын тудырды. Жетекші армян сарапшылары Қазақстандағы конституциялық реформалар процесін құптап, еліміздің басшылығына толық қолдау білдірді.