Өңір басшысының айтуынша, былтыр 295 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл 322 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде 165 мың шаршы метр немесе 50%-ы – бюджет есебінен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 есе көп, деді Бейбіт Исабаев.

«Жалпы, жыл соңына дейін 2975 пәтер бөлінеді, оның 1917-сі - Талдықорғанда. Сонымен қатар апатты тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Биыл 232 пәтер сатып алуға 2,8 млрд теңге қарастырылған. Текелі және Сарыөзек қалаларында әрқайсысы 60 пәтерден тұратын екі тұрғын үй салынуда. Осылайша, келесі жылы апатты тұрғын үй мәселесі толығымен шешілетін болады», - деді әкім.