Түркістан облысындағы Досан-Қарабас су қоймасының суы 404 гектар ауыл шаруашылығы алқабын суару үшін пайдаланылады. Бүгінгі таңда су қоймасы 86%-ға толды, бұл 5,35 млн текше метр су, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Түркістан облысының Қапшағай су қоймасы – 4309 гектар ауыл шаруашылығы алқабы үшін суармалы судың көзі. Бүгінгі таңда ол 89%-ға толды, бұл 30,6 миллион текше метр су.

Былтыр «Қазсушардың» жергілікті филиалы Қапшағай су қоймасын қайта жөндеуден өткізді.