Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 шақырымнан астам бөгет салынды. Құлсары қаласында  су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен  207 мыңнан астам текше метр су тартылды. Бұл жайлы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында хабарлады.

Республика бойынша 38 521 адам өз үйлеріне оралды. 6 726 адам эвакуациялау пунктерінде. Су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 20 мыңнан астам  адам, 2 772 техника, 335 су сору құралы және 249 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды. 

«Бұған дейін Алматы қаласынан, Қарағанды облысынан  Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барған Қорғаныс министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылды. Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің күштері Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақтарда дезенфекциялау жүргізді», – деді спикер.