Top.Mail.Ru

Биыл 3,9 млн. гектар екістік алаңда аса қауіпті зиянды организмдер мен дәнді-дақылдар ауруларына қарсы жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«2019 жылы 3,9 млн. гектар алаңда аса қауіпті зиянды организмдерге, оның ішінде 2,3 млн. гектарда дәнді дақылдар ауруларына және 950,4 мың. гектарда үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы өндеу жұмыстары жүргізіледі», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Егінді аман-есен сақтап қалып, сапалы өнім алу үшін қазір ең алдымен қорғау іс-шараларын жүргізуге ерекше көңіл бөлу қажет екендігін де айтып өтті.

«Бүгінгі күні егістердің жай-күйі қанағаттанарлық жағдайда. Дәнді дақылдар түптеніп, сабақтану фазасына енді. Жалпы көктемгі егіс алаңы 19,0 млн. гектарды құрады», - деді Ауыл шаруашылығы министрі өз сөзінде.

Айтуынша, аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 4,9 млрд. теңге, оны ішінде үйірлі шегіртке тектес зиянкестермен күресуге 2,1 млрд. теңге бөлінген.

Сондай-ақ, карантиндік, фитосанитариялық іс-шараларды жедел жүргізу нәтижесінде аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілер таралатын алаң 2 есеге – 2015 жылғы 7,3 млн. гектардан ағымдағы жылы 3,9 млн. гектарға дейін қысқарған.

Want to be always up to date with all the briefings?
Subscribe to our телеграммадағы арна!