Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанның әр облысы құрылыс жұмыстарына көмектесу үшін нақты секторларға бекітіледі, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Бүгінде Арыс қаласы Түркістан облысы әкімдігімен 17 секторға бөлінді. Әрбір облыс пен республикалық маңызы бар қалалар көмек көрсетуі үшін оларды секторларға бекіту шешімі Үкімет деңгейінде қабылданды», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

В. Беккердің мәлімдеуінше, әрбір секторда шамамен 400-500 үй бар.

«Зақымдануы мен қаржылық жағдайына байланысты номер бірінші сектор ең зардап шеккен сектор болып анықталды. Ол сектор Атырау облысына бекітілді. Өйткені, бір секторда тек 20 үйді нөлден бастап қалпына келтіру керек. Қазақстанның әр облысы Арыс тұрғындарына осындай көмектер көрсетеді», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы ОҚК баспасөз маслихатында.

В.Беккердің айтуынша, қазіргі уақытта Арысқа әр облыстың өкілдерінен басқа бағалау және смета құру жөніндегі бағалау командалары келді.

«Жергілікті құрылыс компанияларымен келісімшарттар жасалады, сондай-ақ, өз құрылысшыларын жіберетін өңірлер де бар. Шатырлы лагерлер орналастырылды, жұмыс көлемі анықталды. Құрылыс материалдары әкелініп, қаланы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу басталып жатыр», - деді ол.