Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастырудың негізгі нысаны жұмыс орындарын квоталау болып табылады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында 2017 жылы Астана әкімдігі қаладағы пандустардың жағдайына мониторингті толығымен аяқтады. 2012-2017 жылдар аралығында 1106 нысан паспортталды. Бүгінгі таңда 989 нысан ҚНжЕ-ге сәйкес келтірілді.

Қалған 117 нысанда халықтың әлсіз топтары үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгін қолжетімді нысандардың үлесі 89,4% құрайды. Ағымдағы жылы паспортталған нысандардың 100%-ын қамтамасыз ету жоспарланған.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пандустар салынып, техникалық мүмкіндіктер арттырылып, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер жабдықталмақ. Астана қаласының халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары аясында 2018 жылы 737 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 678 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналастырылды.оның ішінде тұрақты жұмыспен – 385, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 19, жастар тәжірибесіне аясындағы жұмыспен – 14, қоғамдық жұмыстармен – 260 адам қамтылды.

Мүмкіндігі шектеулі 59 қала тұрғыны кәсіптік оқытумен қамтылған. Олар шебер-шаштараз, электромонтер, тігінші, слесарь-сантехник, әкімші, кондитер, бақылаушы-кассир, наубайшы мамандықтары бойынша оқудан өтті. Жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту үшін тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Есепті кезеңде сегіз бос орындар жәрмеңкесі және 15 шағын жәрмеңке өткізілді, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жәрмеңкелер өткізілді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастырудың негізгі нысаны жұмыс орындарын квоталау болып табылады. Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы «Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, ауыр жұмыстар мен зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарды есепке алмағанда, қызметкерлердің тізімдік санының 2-ден 4%-ға дейінгі мөлшерінде жұмыс орындарының квоталары белгіленді. Меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар квоталауға жатады. Инватакси қызметін қазіргі уақытта 23 арнайы жабдықталған көлік құралы ұсынады, ағымдағы жылы осындай автомобильдердің санын ұлғайту жоспарланып отыр.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Первый заместитель Премьер-Министра - министр финансов РК Алихан Смаилов:

«Если касается только списания потребительских кредитов, то это акция одноразовая, такого мы больше не планируем делать. Что касается в целом социальной поддержки, то да, наша социальная поддержка должна быть направлена на то, чтобы граждане в определенной тяжелой жизненной ситуации могли получить поддержку с тем, чтобы далее трудоустроиться и получать уже стабильные доходы»

Премьер-Министр РК Аскар Мамин:

«С 1 сентября будет дополнительно выделено 5 тыс. целевых образовательных грантов для детей из малообеспеченных и многодетных семей, на 30% повышена стипендия по рабочим специальностям»

52,9 млрд кВт/ч электроэнергии произведено в Казахстане

37,9 млн тонн нефти добыто в Казахстане в I полугодии