Мұнай құбыры саласы үшін инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі жоба іске қосылды.

Тараптар бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Компанияның өндірістік бөлімшелері базасында мұнай-газ ісінің болашақ мамандары мұнай құбыры көлігі қызметінің ерекшеліктерімен және оның мамандықтарымен таныса алады. Олар мұнай айдау станцияларының операторлары, мұнай-химия талдауының лаборанттары, электромонтерлер, құбыржолдар, автоматтандырылған басқару жүйелері мен телекоммуникациялар, мұнай құбырларын пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі мамандар және басқалар», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Димаш ДОСАНОВ.

Айтуынша, меморандум жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.

Бұл бастама Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

"Тәжірибе қорытындысы бойынша үздік нәтижелері бар түлектер компаниядағы бос лауазымдарға орналаса алады. Біз өндірістегі бос орындар резервін жоспарлаймыз. Жобаға еліміздің 12 аймағында өз қызметін жүргізетін 10 өндірістік бөлімше қатысады", - деді компания басшысы.

Инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі жоба бес жылға есептелген. Оған 11 жоғары оқу орны мен 10 колледж қатысады. Бүгін Студенттер үшін өндірістік тәжірибені ұйымдастыру туралы келісімге Назарбаев Университетінің, Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Қ. Сәтбаев атындағы университеттің өкілдері қол қойды.