Қала әкімшілігінің қолдауымен тарауих намаздарынан соң тегін қатынайтын автобустар көпшілікке қызмет көрсетпек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтылды.

«Биылғы жоспар бойынша, барлық 10 мешітте тарауих намаздары алдында оқылатын сүре тәпсірі айтылып, жамағаттың діни сауатын арттыра түсу көзделіп отыр. Қала әкімшілігінің қолдауы арқасында тарауих намаздарынан соң тегін қатынайтын автобустарда биылғы жылы жамағаттың алғысына бөленетін болады», - деді Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы.

Айтуынша, қасиетті Рамазан айының әр күні 2000-нан астам жамағат Елорда мешіттерінен ауыз ашатын болады.

«Елорда мешіттерінің рамазан айындағы іргелі істерінің бірі –тегін ауызашар дастархандарын ұйымдастыру болып табылады. Биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы құлшылық ордаларының саны 10-ға жетіп отыр, баршаңызға мәлім. Осы ретте өкілдік бойынша ауызашар дастарханының қонақтар саны да биыл өсіп отыр», - деді Ағабек Қонарбайұлы.

Бұған қоса, қарттар үйі секілді кейбір мекемелерге мешіт қызметкерлері өздері барып, сол жерде ауызашар дастархандарын ұйымдастыру жұмыстары да жолға қойылған.