Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігі ҚР Ұлттық Музейінде қала күніне орай «Еуразия астаналарының қаламгерлері» Халықаралық Форумын өткізеді.

«Бұл форум биыл алғаш рет өткізілуде. Осы форум аясында көптеген шаралар өткізіледі.Елодадағы Ұлттық музецде өтетін үлкен шара болайын деп тұр. Себебі бұл шараға 20 мемлекеттен жазушылар келіп, қатысады»,- деді Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасы басшының орынбасары Наримаш Мұхамбеталина.

Форумға 20 мемлекеттің ақын-жазушылары арнайы шақырылып отыр. Олардың арасында Халықаралық «Экиваленсиас» журналының Бас редакторы, Испания ПЕН-клубының Бас хатшысы, Малларме, Неаполитан академияларының корреспондент-мүшесіһ Jorge Padron Justo Angel, Ресей Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Гаврил Андросов, ОАӘ Жазушылар Одағының басшысы Nasser Ali Khamis Obaid Аldhaheri, Азербайжан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Ekber Qoşalı, Үндістандық қаламгер, сыншы, лингвистика ғылымының профессоры Rukmini Bhaya Nair және т.б. танымал тұлғалар бар.

«Форумның негізгі тақырыбы – «Әлемдік әдебиет: стереотиптен арылу». Әлем әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, авторлық құқық пен кітап бизнесі мәселелері аясында дөңгелек үстел, шығармашылық кездесу, көрме ұйымдастырылады. Форум Халықаралық меморандумға қол қою және келісім жұмыстарымен түйінделеді», - деп атап өтті Наримаш Мұхамбеталина.

Әлем астаналарының қаламгерлері қатысатын Форумның мақсаты Еуразия жазушыларының шығармаларын насихаттау, халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайтып, бірыңғай әдеби кеңістік қалыптастыру болып табылады.