Top.Mail.Ru

«Қазақстан және жаһандық әлем: сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» атты арнайы шолулық зерттеуінде әлемдік және қазақстандық экономиканың өзекті мәселелеріне назар аударылған.

Құжаттың басты мақсаты әлемдегі халықаралық үрдістер мен трендтерді талдау, оларды Қазақстанның жағдайында пайдалану болып табылады.

«Шолу ХІІ Астана экономикалық форумының негізгі тақырыптық бағыттарын ашуға мүмкіндік береді және іс-шара қатысушыларын аталған тақырыптарды талқылауға дайындайды. Аталған зерттеудің сарапшылармен дайындалғанын және ең алдымен сараптамалық қоғамдастыққа арналғанын және шолу сипатына ие болғанын, сәйкесінше, қорытынды зерттеу болып табылмайтынын атап кеткен жөн», - деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Ерлік Қаражан.

SCK_3340.jpg

Шолуда Нобель сыйлығының лауреаттары, беделді әлемдік экономистер мен саясаткерлердің өз бағыттары бойынша берген пікірлері мен ұсыныстары көрсетілген.

«Жалпы, осындай ауқымды зерттеуді жүргізу осы жылғы форумның жаңалығы және ерекшелігі болып табылады. Біз ХІІ Астана экономикалық форумы өзінің мазмұндық бөлігімен, нақты ұсынымдардың, тетіктердің және құралдардың көптігімен ерекшеленеді деп сенеміз», - деді Ерлік Қаражан.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!