Top.Mail.Ru

Теміртау-Қарағанды және Қарағанды қаласын айналып өтетін автожолдарының жалпы ұзындығы 65 шақырымды құрайтын участкелерінде қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.

«Жалпы ұзындығы 363 шақырым «Қарағанды-Балқаш» учаскесін қайта жаңарту жұмыстары бастау алды. Биыл бір бағытта, жаңа жол жабыны бойынша ұзындығы 80 шақырым учаскені ашу көзделген. Жобаны толық жүзеге асыру 2022 жылға жоспарланған», - деді «Казавтожол» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов.

Сонымен қатар, биыл ұзындығы 297 шақырым «Балқаш-Бурылбайтал» және ұзындығы 85 шақырым «Күрті-Бурылбайтал» учаскелерінде құрылыс-монтаж жұмыстары басталған.

«Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін екі учаске 4 жолақты, І-ші «Б» техникалық санатына сәйкес болады. Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады»,- деді Ұлан Әліпов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, «Күрті-Қапшағай» жобасы бойынша жұмыстарды биыл бастау жоспарланған.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!