Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына еліміздегі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан көмектер бойынша және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздықпен күрес туралы баяндалды.

Министр кәсіп ашуға гранттар, шағын несиелер берілетінін, мамандығы жоқ азаматтарды қайта оқытып, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы жылына орта есеппен 370 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланғаны туралы мәлімет берді. Б.Сапарбаевтың айтуынша, алдағы үш жылда кемінде 1 млн 100 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Сонымен қатар, елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғау жөніндегі ұлттық жоспардың дайындалып жатқандығын, ішкі және сыртқы көші-қон саясатының жүзеге асырылуын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның сапалы жүзеге асырылуы маңызды екеніне тоқталып, әсіресе аз қамтылған көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жұмыссыздық деңгейін 4,5%-тен асырмау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдаудың маңыздылығын айтты.

Мемлекет басшысы әлеуметтік бағдарламалардың уақытылы және сапалы атқарылуына байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Глава государства Касым-Жомарт Токаев:

"Весь Казахстан поможет Арыси, будет открыт специальный фонд. Я благодарю общественность города, ветеранов, они работают с населением. Надо разобраться в причинах взрыва, почему это произошло. Уголовное дело открыто, начато расследование. Если есть виновные, то они понесут ответственность по всей строгости закона. В дальнейшем город Арысь должен быть полностью очищен от всякого рода взрывных устройств"

Министр труда и социальной защиты населения Бердибек Сапарбаев:

«С прошлого года изменилась методика определения пенсии. Очень много было жалоб на то, что стаж не влияет на размер пенсии. С учетом просьб населения механизм определения базовой пенсии изменился. У нас 2,1 млн пенсионеров, у них базовая пенсия выросла на 80%. В целом за прошлый год пенсия выросла на 23%»

90,2 % населения обеспеченодоступом к питьевой воде в Казахстане - МИИР РК

6 тыс. квартир будут выделять для многодетных семей в Казахстане ежегодно