Жыл сайын елімізде инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн. адам, оның ішінде 1,3 млн. бала егіледі.

«Қазіргі халықтың көшіп-қону процестері артқан жағдайда эндемиялық елдерден кез келген елге, оның ішінде Қазақстанға да полиомиелит, қызылша, пандемиялық тұмау және басқа да инфекциялық аурулар қоздырғыштарын әкелу қаупі бар. Осыған байланысты иммундау апталығының мақсаты халықты вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, егулермен толық қамту деңгейін арттыру болып табылады, бұл вакцинамен басқарылатын инфекциялық ауруларды Қазақстанның аумағына әкелген кезде олардың таралуын болдырмауға мүмкіндік береді», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Соңғы 20 жылда халық арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың 1998 жылы тіркелген 15346 жағдайдан 2018 жылы 1 жағдайдың тіркелуіне алып келді, эпидемиялық паротиттің 140 еседен астам, «А» және «В» вирустық гепатитінің 40 есеге төмендеуі байқалады. Көкжөтелмен сырқаттанушылықтың тұрақты төмен деңгейі ұсталуда, дифтерия мен сіреспенің ішінара жағдайлары бар.

Қазақстанда 2008 жылдан бастап вакцинаны егу үшін оларды қайта пайдалануды болдырмайтын өзідігінен бұзылатын шприцтерді пайдалануға өту жүзеге асырылғанын айта кету керек. Бұдан басқа иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің даму қаупін азайту мақсатында 2013 жылдан бастап балалардың пайдалануы үшін көп дозалы вакциналар бір дозалы қаптамадағы вакциналарға ауыстырылды. Бұл ретте балалар үшін ауырсынуды төмендету мақсатында жаңа вакциналар бес және алты компонентті біріктірілген вакциналар құрамында енгізілді.

Еске сала кетсек, 24-30 сәуір аралығында Қазақстанда иммундау апталығы өтеді. Иммундау апталығы халықты вакциналардың тиімділігі және қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру арқылы оларға қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейтуді талап етеді.