Төтенше жағдайлар комитеті Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында су басу қаупі жоғары елді мекендерді анықтады.

«Су басуды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен келесідей жұмыстар жүргізілді. Елді мекендерден 8,8 млн. текше метрден астам қар шығарылды және ЖЖМ (10,4 мың тонна), инертті материалдар (257 мың тонна), қаптар (1 млн. дана) және жарылғыш заттар (36 тонна) қоры жасақталды. Сондай-ақ, төтенше резервтер мен кезек күттірмейтін шығындарға арналған резервтерде 19,4 млрд. теңге қаржы көзделген, автомобиль және темір жол көпірлері астындағы 18 мың су өткізу құрылыстары тазартылды», - деді ҚР Ішкі істер министрі орынбасары Юрий Ильин.

Бұдан басқа, ТЖК бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар шеңберінде 999 елді мекеннің дайындығын тексерді.

Сонымен қатар, тұрғындармен аула-аумақтардан қарды шығару, су тасқыны кезіндегі іс-қимыл ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын да айтып өтті.

«Өзендердегі мұз құбылыстарына мониторинг жүргізілуде. Елді мекендерде инженерлік-қорғау іс-шараларын жүргізуді талдау және гидрометеорологиялық жағдайды болжау нәтижелері бойынша ТЖК 2019 жылы су тасқыны қаупі бар облыстар үшін елді мекендерді су басу қаупінің деңгейі (жоғары, орташа және болмашы) есептелген. Мәселен, жоғары тәуекел деңгейіне Батыс Қазақстан (65), Ақмола (46), Қостанай (39), Шығыс Қазақстан (24), Қарағанды (20), Солтүстік Қазақстан (6) облыстарының 200 елді мекендері кіріп отыр. Орта тәуекел деңгейіне (117) - Алматы (43), Қызылорда (31), Ақтөбе (25), Павлодар (8), Жамбыл (6) және Түркістан (4) облыстары жатқызылды. Тәуекел деңгейі болмашы аймақтар - Атырау және Маңғыстау облыстары», - деді Ю. Ильин.

Айта кетсек, төтенше жағдайлар комитеті су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел ден қою мақсатында ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылып, жалпы саны 15 мың адам мен 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Премьер-министр РК Аскар Мамин:

"Правительство Казахстана полностью поддерживает ООН по вопросам качества, равенства экологии мира и справедливости в мире. Большинство целей устойчивого развития (ЦУР) очень тесно переплетены с наиболее важной государственной стратегией. В данный момент более 80% индикаторов ЦУР отражены в государственных планах и стратегиях развития образования, социального развития, здравоохранения и прочих сферах. За 20 лет ВВП Казахстана вырос с 1,1 практически до 10 тысяч долларов"

Министр сельского хозяйства РК Сапархан Омаров:

"Утверждена также отраслевая программа сельского хозяйства, главными задачами которой являются автоматизация мер господдержки, реализация точечных проектов, создание системы взаимодействия IT-сообщества с субъектами АПК. Мы рассматриваем цифровизацию в качестве инструмента для решения задач фермеров. Она дает доступ к агрономической рыночной информации, а также заемному торговому финансированию"

36,4 млрд кВт/ч электроэнергии произведено в Казахстане

500 сотрудников полиции задействуют во время выпускных вечеров в столице