Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталаған бірқатар шаралар әзірлеуде, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда көшелер мен жолдар, жаяу жүргіншілер өткелдерімен қамтамасыз ету», - деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, патрульдік полиция қызметкерлері зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетіп, жолдың ерекшелігіне қарай азаматтарды құтқарудың түрлі құралдарымен жабдықталған. Бұл құтқару құралдары мен жейделер, металл кесетін құралдар мен басқа да құрал-жабдықтар.

«Жол апаттарында зардап шеккен азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 2012 жылдан бастап тас жолдарда 40 медициналық және құтқару пункті бар», - деді министр.

Министрдің мәлімдеуінше, төтенше жағдайларда әрекет етуші бөлімшелер осы жұмыс басталғаннан бері 9 мыңнан астам жазатайым оқиғалардан зардап шегушілерге көмек көрсетіп, 25 мың адамның өмірін құтқарды. Осылайша, өлім-жітім 17% -дан 10% -ға дейін төмендеді.

Е.Тұрғымбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірге аталған шараларды одан әрі дамыту мәселелері бойынша жұмыстар атқаруда.