2019 жылдың І жартыжылдығында жалпы құны 6,6 млрд теңге «АВF Invest» ЖШС Бадам өндірістік аймағынан полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін зауыттың І-кезеңі іске қосылды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпорында 2025 жылға дейін өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтардың 35%-ы өңделіп, қайта кәдеге жаратылатын болады.

Бұдан өзге, ауданда өнеркәсіп өнім көлемін биыл 19,4 млрд теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексін 105,5 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Ал өңдеу өнеркәсібінде 17,9 млрд теңгенің өнімі өндіріледі деп болжануда.

Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасымен «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында 2019 жылы жалпы құны 4,6 млрд теңгенің инвестициялық жобасын II-кезең бойынша іске қосу жоспарлануда. Ол «Green Technology industries» ЖШС озық технология арқылы полиэтилен өнімін қайта өңдеп, синтепон талшығын өндіруді қолға алады.

Биыл ауылшаруашылық саласы бойынша аудан көлемінде жалпы өнім көлемін 40,1 млрд теңгеге, игерілетін егістік жерлердің көлемін 65 100 гектарға жеткізіп, айналымға 2 500 га жерді қосу, жылыжай көлемін қосымша 20 гектарға ұлғайту межеленіп отыр.