15.09.2020 _ 17:05

Үкімет жоспары бойынша, биыл 48 дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені пайдаланылуға берілуі тиіс. Бұлар қай өңірлерде ашылады және қанша адамды қамтиды? 48 нысанның бюджеті қанша болды?

Күлтегін Аспанұлы сұрағы (Qazaq Times):

Үкімет жоспары бойынша, биыл 48 дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені пайдаланылуға берілуі тиіс. Бұлар қай өңірлерде ашылады және қанша адамды қамтиды? 48 нысанның бюджеті қанша болды?

5 маусым 2020 жыл, Ақтоты Райымқұлова: «Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде 100 дене шынықтыру және сауықтыру кешеннің құрылысы жүріп жатыр. 2019 жылы 13 кешен ашылса, биыл 48-інің құрылысы аяқталады. Жалпы өткен жылы əр түрлі 1238 спорт нысаны пайдалануға берілген. Бұл қатарда елордадағы «Жекпе-Жек» сарайы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпірұлы атындағы кешен, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі бар», – деген.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауабы:

Республика бойынша спорттық нысандардың саны спортпен шұғылданғысы келетін азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етпейді, талдауларға сәйкес өңірлердегі ДШСК-ға қажеттілік 1,4 млн. астам шаршы метрден асады, 881 562, 5 шаршы метр спорт нысандары бар, тапшылық 607 325, 1 шаршы метр.

Осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін Елбасының тапсырмасымен, елдің аса қажет елді мекендерінде 100 дене-шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (ДШСК) құрылысы басталды. 1 ДШСК (орташа 3 спорт зал) орта есеппен бір ауысымда 70 адамды қамти алады.

2019 жылы жоспарланған 13 спорт кешенінің құрылысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ, демеушілік қаражат тарту арқылы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2019 жылы бекітілген тізбеден бөлек 21 спорт кешені еліміздің өңірлерінде жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде салынды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша пайдалнуға берілген ДШСК есебінен тапшылық шамамен 82, 5 мың шаршы метрге қысқарды.

2020 жылы жергілікті бюджет есебінен және «Ауыл ел бесігі» бағдарламасының шеңберінде 4 ДШСК пайдалануға берілді.

Анықтама:

1 Спорт кешені - Батыс Қазақстан облысында Жаңақала ауданының Жаңақала ауылында 160 көрермендік орынға арналған ДШСК салынып, 2020 жылғы 22 мамырда пайдалануға берілді.

2 Спорт кешені – Павлодар облысының Ленин кентінде және Павлодар қаласында.

1 Спорт кешені - Солтүстік Қазақстан облысында Акжар ауданының Талшық ауылында пайдалануға берілді.

20 жобанының құрылысы басталып, жұмыстар жүргізілуде.

Анықтама:

Ақмола облысы-4, Ақтөбе облысы-1, Алматы облысы-4, Шығыс Қазақстан облысы-2, Батыс Қазақстан облысы-3, Қарағанды облысы-1, Павлодар облысы-1, Солтүстік Қазақстан облысы-2, Жамбыл облысы -2.

2020 жылға жоспарланған қалған ДШСК-нің құрылысының аяқталу мерзімі мемлекеттік сапаптама қорытындысына сай құрылыс мерзімі 2021 жылы аяқталады.