07.10.2021 _ 17:49

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жойқын жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

– Қазақстан халқының және өзімнің атымнан табиғи апаттан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.