11.05.2022 _ 08:51

Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады

Ресми шаралардан кейін Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады.

Екі президенттің ойыны кезінде түсірілген суреттер Мемлекет басшысының Telegram- каналында жарияланды. Ертеректе хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев 13 жыл қатарынан Қазақстанның үстел теннисі Федерациясын басқарды, сонымен қатар, үстел теннисі Президенттің ең сүйікті спорт түрлерінің бірі саналады. 

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 10 мамырда Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келді.