21.11.2022 _ 19:18

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
фото с сайта akorda.kz

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, Пәкістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны, энергетика және көлік секторларындағы ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді.