28.11.2022 _ 16:54

Президент «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды.
фото с сайта akorda.kz

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Содан соң Қазақстан делегациясының алдынан  Құрмет қарауылы салтанатпен сап түзеп  жүріп өтті.