24.01.2023 _ 13:46

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаевты қабылдады

Кездесуде Қазақстанның өңірлері мен Саха Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ цифрландыру салаларындағы өзара тиімді кооперацияларды дамытудың перспективалары талқыланды.
фото с сайта akorda.kz

Мемлекет басшысы белсенді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң ықпал еткенін айтты. Президенттің пікірінше, өңіраралық сауда көлемі айтарлықтай артты. Қазақстан сауда қатынастарын одан әрі тереңдетуге мүдделі.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха Республикасын тамыры терең тарихи және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударатынын айтты.

Кездесуде Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Якутия цифрлық технология, креативті индустрия мен кинематография бағытында да байланыс жасауға ниетті.