24.01.2023 _ 16:31

Президенттің Жарлығымен ҚХА атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды

Президенттің Жарлығымен ҚХА атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Евгений Андреевич Больгерт;

Закиржан Пирмухамедович Кузиев;

Нурия Исмагиловна Ниязова;

Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;

Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                         Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 24 қаңтар

№ 113