08.02.2023 _ 08:23

Мемлекет басшысы Үкіметке Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. 

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.