14.03.2023 _ 09:03

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтады.

«Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!» – деп жазылған Президенттің Twitter парақшасында.