22.09.2023 _ 09:54

Болат Дембаев Бас Прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.