20.06.2024 _ 13:11

Мемлекет басшысының Жарлығымен Түрікменстандағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшілер тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Сәбитұлы Әбдіраимов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.