19.09.2024 _ 17:30

Мемлекет басшысы күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға тиісті ведомстволарда өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.