01.11.2024 _ 12:37

Мемлекет басшысы Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун  мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі – Революция күнімен құттықтады.

Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.