17.02.2025 _ 14:15

Президент 18-19 ақпан күндері Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады.
Президент 18-19 ақпан күндері Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады

Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.