17.02.2025 _ 16:01

Руслан Желдібай ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды

Руслан Желдібай ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.