04.03.2025 _ 22:41

БҰҰ Бас Ассамблеясы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады

Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады. Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
фото Әділет Беремқұлов/ Kazinform

«Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылық білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады», - деп жазды Руслан Желдібай.