08.12.2025 _ 18:01

Мемлекет басшысы «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» және «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.