03.03.2026 _ 09:07

Ұлан Бекіш ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.